Материалдарды пайдалану туралы келісім

1. forbes.kz сайтын пайдаланудың жалпы шарттары (әрі қарай – сайт).

Осы Пайдалану туралы келісім (әрі қарай — Келісім) Интернет желісі (әрі қарай — Желі) пайдаланушыларының материалдарды (соның ішінде, бірақ онымен шектелмей: аудиовизуалды, мәтіндік, графикалық, фотоматериалдар, кескіндер, пікірлер және т.б.) пайдалану шарттары мен ережелерін белгілейді, оның ішінде:

  • сайтта орналастырылған материалдарды пайдалану шарттары;
  • сайтта пайдаланушылардың материалдарды орналастыру шарттары.

Сайт әкімшісі болып «United Media Group» ЖШС (әрі қарай – Әкімші) табылады.

Пайдаланушының сайтты пайдалануы — пайдаланушы осы Келісімде төменде көрсетілген барлық шарттарды қабылдайтынын және сақтауға міндеттенетінін білдіреді.

Осы Келісімді Әкімші кез келген уақытта арнайы хабарлама жасамастан толық немесе ішінара өзгерте алады. Келісімнің жаңа редакциясы сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

2. Сайтта орналастырылған материалдарды пайдалану шарттары:

2.1. Сайтта зияткерлік қызметтің қорғалатын нәтижелері, оның ішінде авторлық құқық объектілері мен дараландыру құралдары қамтылады: мәтіндер, фотосуреттер, аудиовизуалды материалдар, графикалық кескіндер, тауар белгілері, логотиптер және басқалары.

Сайтта жарияланған материалдардың мазмұнында бөлек ескерілген жағдайларды қоспағанда, сайт материалдарына, сондай-ақ сайтта қамтылған материалдарды іріктеу, орналастыру, жүйелеу мен түрлендіруге және бастапқы деректерге айрықша құқықтар Әкімшіге тиесілі.

2.2. Сайттағы кез келген материалдарды пайдалану тек жеке мақсаттарда ғана рұқсат етіледі. Сайт материалдарын өзге мақсаттарда пайдалану тек сайт Әкімшісінің жазбаша келісімімен ғана мүмкін.

Желі пайдаланушысының сайт материалдарына өзгерістер енгізуге, жариялауға, үшінші тұлғаларға беруге, сатуға немесе беруге қатысуға, туынды өнімдер жасауға не өзге де тәсілмен ішінара немесе толық пайдалануға құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, сайттан жүктелген материалдарды Әкімшінің немесе авторлық құқықтың басқа да заңды иесінің жазбаша рұқсатын алмастан көшіруге, таратуға, үшінші тұлғаларға беруге, жариялауға немесе коммерциялық мақсаттарда өзгеше пайдалануға жол берілмейді.

Сайттың заңмен қорғалатын материалдарын көшіруге, таратуға, жариялауға немесе өзгеше пайдалануға рұқсат алынған жағдайда, мұндай көшіру, тарату, жариялау немесе өзге де пайдалану сайт Әкімшісіне сілтеме жасалмастан және/немесе оның тауар белгісі көрсетілместен жол берілмейді.

Келісімнің осы бөлімінде көрсетілген ережелер Әкімшінің және сайт материалдарына («контентіне») қатысты құқық иелері болып табылатын үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғауды көздейді. Бұл ретте барлық құқық иелері осы Келісімде көрсетілген өз құқықтарын дербес пайдалануға құқылы.

2.3. Сайтта жарияланған материалдарды заңсыз пайдаланған тұлғалар мен ұйымдар материалдарды рұқсатсыз көшіргені және пайдаланғаны үшін ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

Редактордың таңдауы
жазылым
Forbes Kazakhstan №13 (Мамыр‘26)
Нөмір жазылым бойынша қолжетімді