Төлемдер. Банк картасымен онлайн төлем жасау
Біздің сайт интернет-эквайрингке қосылған, сәйкесінше Сіз қызмет ақысын Visa немесе Mastercard банк карталарын қолдана отырып, төлей аласыз. Таңдалған тауар не қызмет түрін растаған соң, TipTop Pay процессинг орталығының төлем беті көрсетілген қауіпсіз терезе ашылады, онда өз картаңыздың мәліметтерін енгізу керек. Карта иесіне қатысты қосымша аутентификация жүргізу үшін 3-D Secure хаттамасы қолданылады. Егер Сіздің эмитент банкіңізде осы технология қолданылатын болса, онда Сіз қосымша сәйкестендіруден өту үшін оның серверіне қайта бағытталасыз. Қосымша сәйкестендірудің ережелері мен әдістері туралы өзіңізге банк картасын ашып берген Банктен сұрап, анықтап алғаныңыз дұрыс болады.
Онлайн төлем қызметі Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің ережелеріне сай құпиялылық және төлем қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып жүзеге асырылады, бұл үшін тексерудің, шифрлаудың және жабық байланыс арналары арқылы деректерді қауіпсіз жолмен өткізудің ең өзекті әдістері қолданылады. Банк картасының мәліметтері TipTop Pay төлем бетіндегі қорғалған қауіпсіз терезеде енгізіледі.
Төлем бетіндегі жолдарға картаның номерін, карта иесінің аты-жөнін, картаның жарамдылық мерзімін және үш таңбалы қауіпсіздік кодын енгізу керек болады (VISA үшін CVV2, MasterCard үшін CVC2). Бұл тұрғыдағы қажетті мәліметтер банк картасының бірінші бетінде көрсетілген.
CVV2 / CVC2 — бұл картаның екінші жағында орналасқан үш таңбалы қауіпсіздік коды.
Әрі қарай сол терезеде 3-D Secure кодын енгізуге арналған Сіздің эмитент банкіңізге тиесілі бет ашылады. Егер Сізде тұрақты 3-D Secure бапталмаған болса, онда ол мобильді телефоныңыздың номеріне SMS негізінде жіберіледі. Егер Сізге 3-D Secure коды келмесе, онда өз эмитент банкіңізге хабарласқаныңыз дұрыс.
3-D Secure — бұл интернет желісінде төлем карталарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заманауи озық технологияның бірі. Ол операция жүргізіп отырған карта ұстаушысы сол картаның шынайы иегері екенін біржақты анықтап, карта бойынша алаяқтық операциялар қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік кепілдері
TipTop Pay процессинг орталығы Сізге тиесілі банк картасына қатысты мәліметтерді PCI DSS 3.0 қауіпсіздік стандарттары бойынша қорғап, өңдейді. Төлем шлюзіне ақпарат беру SSL шифрлау технологиясын қолдану негізінде жүзеге асырылады. Ақпаратты әрі қарай жеткізу барысында ең жоғары сенімділік деңгейі бар банктік жабық желілер қолданылады. TipTop Pay Сіздің картаңыздағы мәліметтерді бізге және басқа да үшінші тараптарға бермейді. Карта иесін қосымша аутентификациядан өткізу үшін 3-D Secure хаттамасы қолданылады.
Егер өзіңіз жасаған төлем бойынша қосымша сұрақтар туындап жатса, төлем сервисінің клиенттерді қолдау қызметіне support-kz@tiptoppay.inc электронды поштасы арқылы хабарласа аласыз.
Онлайн төлемдердің қауіпсіздігі
Сіз ұсынған жеке ақпарат (есіміңіз, мекен-жайыңыз, телефон, e-mail, кредит картасының номері) құпия ақпарат деп танылады және оны жария етуге болмайды. Сіздің картаңыздың мәліметтері тек шифрланған күйде беріледі және біздің Web-серверде сақталмайды.
Интернет төлемдерді өңдеудің қауіпсіздігіне «TipTop Pay Kazakhstan» ЖШС кепілдік береді. Төлем карталарына қатысты барлық операциялар VISA International, MasterCard және басқа да төлем желілерінің талаптарына сай жүзеге асырылады. Ақпарат беруде карта арқылы жасалатын онлайн төлемдердің мамандандырылған қауіпсіз технологиялары қолданылады, мәліметтерді өңдеу процессинг компаниясының жоғары технологиялық қауіпсіз серверінде жүргізіледі.
Төлем карталары арқылы төлем жасау қауіпсіз, өйткені:
- Авторизациялау жүйесі сатып алушыға оның төлем картасындағы мәліметтер (номері, жарамдылық мерзімі, CVV2/CVC2) алаяқтардың қолына түспейді деп кепілдік береді, өйткені бұл деректер авторизациялау жүйесінде сақталмайды, яғни оларды ұрлап алу мүмкін емес.
- Сатып алушы өзіне қатысты төлем мәліметтерін интернет дүкеннің сайтына емес, тікелей TipTop Pay авторизациялау жүйесіне енгізеді, сәйкесінше сатып алушының картасындағы төлем реквизиттеріне үшінші тұлғалар қол жеткізе алмайды.
Құпиялылық
1. Анықтамалар
Онлайн-БАҚ https://kaz.forbes.kz (әрі қарай – URL, «біз») өз клиенттері мен https://kaz.forbes.kz сайтын қолданушылардың құпиялылығы мәселесіне байыппен қарайды. Дербестендірілген ақпарат деп біз сайтқа кірген қолданушылардың жеке деректерін (мысалы: аты-жөні, компанияның логині не атауы), сондай-ақ URL сайтында сіздердің тарапыңыздан жасалған әрекеттер туралы ақпаратты (мысалы: сайтқа кірушінің тапсырысы мен байланыс ақпараты) танимыз. Аноним мәліметтер деп біз сайтқа кірген қолданушыны нақты анықтау мүмкіндігі жоқ деректерді айтамыз (мысалы: сайтқа келушілер жөніндегі статистика).
2. Ақпаратты пайдалану
Сайтқа кірген нақты қолданушыға қатысты дербес ақпаратты біз тек оған сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін ғана пайдаланамыз. URL сайтының бір қолданушысына қатысты дербес ақпаратты біз сайттың басқа бір қолданушыларына жария етпейміз. Дербестендірілген ақпаратты біз ешқашан ашық жария етпейміз және үшінші тараптарға бермейміз. Бұл тек жекелеген жағдайларда ғана мүмкін болуы ықтималды: яғни, мұндай ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органдарға ашу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен талап етілген болса. Біз тек аноним деректер негізінде жиналып, құрылған есептерді ғана жария етіп, таратамыз. Бұл есептерде біздің қызметтерімізді пайдаланатын қолданушыларға қатысты дербес мәліметтерді анықтайтын ақпараттар жоқ. Біз сондай-ақ URL өнімдері мен қызметтерін дамытуды көздейтін ішкі талдау, сараптамаға қажет аноним деректерді де қолданамыз.
3. Сілтемелер
https://kaz.forbes.kz сайтында біздің компанияға қатысы жоқ сайттар мен үшінші тараптарға тиесілі сайттарға сілтемелер болуы мүмкін. Біз үшінші тараптардың сайттарында жарияланған ақпараттардың қаншалықты дәл, толық және шынайы екендігіне жауап бермейміз, және мұндай сайттарда сіздер қалдырған ақпараттардың құпиялылығын сақтау бойынша міндеттеме алмаймыз.
4. Жауапкершілікті шектеу
Біз осынау құпиялылық саясатын сақтау үшін бар күшімізді саламыз, алайда, егер біздің ықпалымыздан тыс факторлардың әсерімен ақпараттардың жариялылығы орын алып жатса, онда біз ақпараттардың қауіпсіздігін сақтауға кепілдік бере алмаймыз. https://kaz.forbes.kz сайты және онда жарияланған барлық ақпарат «сол қалпында» қағидасы бойынша ешқандай кепілдіксіз ұсынылған. Біз URL сайтына кіруге шектеулер салдарында немесе сайтқа кіруден және онда жарияланған ақпараттарды пайдаланудан туындаған кез келген шығындар мен жағымсыз салдарлар, залалдар үшін жауапты емеспіз.
5. Байланыс үшін
Аталған саясатқа қатысты сұрақтар бойынша info@forbesmagazine.kz электронды жәшігіне хабарласа аласыздар.